Әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендей бастады

Жарияланды
Мұнай бағасы арзандады

Фото: kursiv.media

Бейсенбі күні таңертең әлемдік мұнай бағасы АҚШ-тағы коммерциялық қорлардың азаюын күту жағдайында және сұраныстың төмендеу мүмкіндігіне байланысты арзандады, деп хабарлайды Прайм.

Мәскеу уақыты бойынша сағат 7:27-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің бағасы барреліне 76,39 долларға дейін, ал WTI үшін тамыздағы фьючерстері 0,13%-ғатөмендеп, 71,7 долларға дейін арзандады.

Жалпы алғанда, инвесторлар экономикаға қатысты алаңдаушылыққа байланысты тәуекелге бармауға тырысады. Осы аптада жарияланған бизнестің жағымсыз статистикасы мұнай сұранысының болжамдарына теріс әсерін тигізді. Сонымен бірге оның бағасын қалпына келтіру перспективаларына қатысты трейдерлер де алаңдаушылық танытты.

Бұл ретте инвесторлар Америка мұнай институтының (API) АҚШ-тың коммерциялық қорлары туралы деректеріне назар аударады. Бейсенбіге қараған түні жарияланған ұйымның мәліметінше, 30 маусымға дейінгі апта ішінде бұл көрсеткіш 4,4 миллион баррельге төмендеген.

Ресми статистиканы АҚШ Энергетика министрлігі бейсенбі күні кешке жариялайды. Сарапшылар ондағы коммерциялық қор көлемі 1 миллион баррельге ғана төмендейді деп болжап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз