Қазақстан авиациясындағы қауіпсіздік ИКАО стандарты бойынша 82 пайызды құрайды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

ИКАО таяу жылдары Қазақстанда ұшу қауіпсіздігіне тексеріс жүргізуді көздеп отырған жоқ, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

«Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) келесі жылға арналған ұшу қауіпсіздігіне тексеру жүргізуге байланысты әмбебап бағдарламаны орындау жөніндегі электронды бюллетені шығарылды.Бұл құжатта ұйымға мүше мемлекеттердің авиациялық билік орындары мен ИКАО-ның алдағы кезеңдегі жоспарлы тексеру жұмыстары қамтылғанын айта кетейік. Жарияланған жоспарға сәйкес ИКАО биыл және келесі жылы Қазақстанның азаматтық авиация қызметіне аудит жүргізуді қарастырмайды», делінген баспасөз хбарламасында.

Қазір елімізде ұшу қауіпсіздігіне байланысты ИКАО-ның стандарттары 82%-ға жетіп отыр. Бұл еуропалық талаптың орташа көрсеткішімен тең.

«Осы орайда аталған халықаралық ұйым тәуекелдер көрсеткіштерін, бұрынғы тексерулердің нәтижелерін, мүшелікке кіретін елдердегі авиациялық қызметтің ауқымын және анықталған кемшіліктерді алдын алу бағытында орындалған жұмысты қоса алғанда, түрлі факторлар негізіндегі әмбебап бағдарламаның аясында тексерулер жүргізу үшін мемлекеттерді таңдауды жалғастыруды көздеп отыр», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыз