Бизнеске қажет 7 нейрон желісі

Жарияланды

Фото: kursiv.media

2022 жылы Google іздеу жүйесінде «нейрон желілері» деген кілт сөзі кейінгі бес жылмен салыстырғанда жиірек ізделген екен. Бұл дегеніміз соңғы кездері оның көпшілікке қызық болып жатқанын білдіреді. Технология нарығы өсіп жатыр. Мысалы осыдан үш жыл бұрын 14 миллиард доллар болса, 2030 жылға қарай нарық 152 миллиард долларға өседі деген болжам бар. Демек, нейрон желілері туралы жаңалықтардан естігеніміз — естіген.

Нейрон желісі қалай жұмыс істейді?

 Қолданушылар нейрон желілерінің игілігін пайдалануды үйреніп келеді. Өйткені күнделікті өмір салтымызға сіңіп жатыр. Сурет салады, мәтін жазады, қиын да күрделі есептерді демде шығарып береді, жоспар жасайды — қолынан келетіні өте көп. Ендеше, нейрон желілері қалай жұмыс істейтіні, бизнесте оны қалай қолдануға болатыны туралы айтайық. Оның жұмыс принципі мынадай: нейрон желісінің технологиясы кәдімгі ми жұмысының принципін қайталайды. Яғни нейроннан нейронға электрон импульс жіберіп отырады. Жасанды нұсқада нейрондар деп бағдарламалық түйіндерді айтамыз. Олар белгілі бір алгоритмдерге бағынады. Сол арқылы біреуінен екіншісіне сигналды синапстар арқылы жолдайды.

Жасанды интеллекті һәм AI (ағылшынша «artificial intelligence») көмегімен жасалған жоба күн санап өсіп келе жатқанын білеміз. AI-жобалар арқылы ақпаратқа анализ жасалып, шығармашылық тұрғысынан дамытуға болады. Бұл математикалық модель жұмысы жасанды нейрон желілеріне негізделеді.  

Жүйе дұрыс жұмыс істеп тұруы үшін не қажет?

  • Нейрон желісінің үйрету үшін бастапқы деректерді дайындап алады. Өйткені барлығының өзегі — ақпарат. Егер дерек болмаса, онда ештеңе жасау да, тану да мүмкін болмайды. Сондықтан нейрон желісінің жасаудың алғышарты — мәліметтерді жинау. Содан кейін жүйе заңдылықтарды жақсылап ұғынып алуы үшін көптеген мысал беру қажет. Айталық, егер нейрон желісінің басты міндеті қолмен жазылған «А» мен «Б» әріптерін ажырату болса, онда сізге қолмен жазылған мыңдаған нұсқаның суретін жүктеп, танып үйрету қажет болады. 
  • Нейронканы үйрететін — адам. Оның қатысуынсыз жасау мүмкін емес. Маман керек деректерді жинап, жүйеге жүктейді. Содан кейін жүйе автомат түрде оған анализ жасайды. Енді бірде маман алгоритмдер жасап, робот жұмысының қателіктерін түзейді. Мәселен, жоғарыда айтқан «А» мен «Б» әріптерінің қолдан жазылған нұсқасын танитын нейрон желісін алайық. Жүйе анализ жасап отырып, «Б» әрпін табудың орнына сан тауып беруі мүмкін. Мұндайда адам оны түсініп, қатені жөндеуге кіріседі. Жалпы алғанда нұсқа неғұрлым көп болған сайын нейрон желісіне соғұрлым жақсы. Сонда ол анығырақ, нақтырақ әрі сенімдірек жұмыс істейді.

AI-жобалардың маңызы қандай?

Нейрон желілерінің арқасында компаниялар бұрын қызметкерлер ұстамаса атқарылмайтын біраз шаруаны тындырып отыр. Айталық, таргет аудиторияны анықтау немесе компания акцияларының құнына болжам жасау сынды жұмыстарды қазір нейрон желілеріне тапсыруға болады. McKinsey & Company жасаған зерттеуге сүйенсек, фин-тех компаниялар сонау 2020 жылдың өзінде жұмыс барысында жасанды интеллект жобаларын пайдаланған. Ал қазір оның ауқымы тіпті өсіп жатыр. Бүгінде алпауыт компаниялар ғана емес, орта және шағын бизнес өкілдері де қолданып, кәдесіне жаратып келеді. Сол тұрғыдан алғанда AI-жобаның маңызы зор. Ендеше, бизнес-процестерді оңтайландырып, жеңілдету үшін керек болатын бірнеше нейрон желісіне шолу жасайық.

Rationale Al. Күрмеуі қиын мәселелерді шешуге көмектесетін нейрон желісі. Әсіресе, бизнес иелеріне, менеджерлер мен жеке тұлғаларға таптырмас көмекші бола алады. GPT алгоритмдері мен контекстік үйрету арқылы компанияның әр шешімінің кемшілігі мен артықшылығын тізіп шығып, соның шығу себебі, салдары анықталады. Сәйкесінше жетекшіге дайын болған нұсқаларды таразылау үшін SWOT-анализ әзірленеді.

Құны:   

  • Айына $ 0  — Free тарифі: 60 кредит, 1 шешім, 1 адам пайдалана алады.
  • Айына $ 9.99  — Lite тарифі: 100 кредит, бірнеше сұраныс қалдыра аласыз, 3 адам пайдалана алады.
  • Айына $ 40 — Standard тарифі: 500 кредит, бірнеше сұраныс жасауға болады, 10 адам пайдалана алады.
  • Айына $ 100 — Max тарифі: 2000 кредит, сервиске толық рұқсат беріледі, 50 адам пайдалана алады.

ExcelFormulaBot. Мәтін түріндегі нұсқаулықтарды Excel-формулаларға айналдырып беретін сервис. Көпшілікке өте қажет көмекші десек болады. Өйткені ExcelFormulaBot Google Sheets немесе Excel кестелерімен интеграция жасай алады. Сол арқылы сервис компанияға санаулы секунд ішінде мәтін қылып жазылған сұранысын Excel-формулаға айналдырып береді. Тіпті қажет болса, формуланы мәтінмен түсіндіріп те бере алады. Одан қала берді мәтін нұсқаулықтарды Microsoft Office VBA немесе в SQL бағдарламалау тілдеріне де айналдыруға болады. Осылайша бірнеше кесте жасап, қарап, біріктіруге мүмкіндік ала аласыз. Компаниялар бұл — үлкен көмек. Өйткені мәліметтер базасымен жұмыс істегенде әжептәуір уақыт үнемделеді. 

Құны:

  • Айына $ 0  — Free тарифі: 5 формула.
  • Айына $ 7 — Premium тарфиі: формула санына шектеу жоқ
  • Айына $ 63 — Business тарифі: формула санына шектеу жоқ, 5+ қолданушы пайдалана алады.

OtterPilot. Онлайн-жиналыстар жасауға арналған сервис. Компанияда болған жиналыстың жазбасын реал уақытта жазып отырады. Ағылшын тілінде өткен жиналыс болса, онда автомат түрде мәтінге айналдырып береді. Одан бөлек, басқа тілдердегі қолданушыларға да ұсынатын артықшылықтары бар. Айталық, пікір қалдырып, ең маңызды деген сәттерді түртіп алып, қоңырау кезінде әріптестеріңізге беретін тапсырма болса бірден тағайындап отыра аласыз. Otter Assistant-ты Zoom, Microsoft Teams және Google Meet бағдарламаларына қосуға болады. Тіпті жиналысқа қатыса алмай қалса да, қызметкерге жиналыстан ескертпе не сол кездесу жазбасын жіберуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүйе қажет жерге слайдтар қосып, сөйлеп жатқан адамға ыңғайлы болуы үшін көрсетеді.

Құны:

  • Айына $ 0 — Basic тарифі: 300 минут транскрипция жасалады, сөйлесуге — 30 минут.
  • Айына $ 8 — Pro тарифі: 1200 минут транскрипция жасалады, сөйлесуге — 90 минут.
  • Айына $ 20 — Business тарифі: 6000 минут транскрипция жасалады, сөйлесуге — 4 сағат.

Жекелей есептелейтін Enterprise тарифі: 6000 минут транскрипция жасалады, сөйлесуге — 4 сағат, компания қызметкерлері бәрі бір жерден кіреді,  төлем жасаудың қосымша тәсілдері бар.

          WordTune. Мәтінді форматтап, өңдеп, нақты етіп береді. Басты артықшылығы — оның қарапайым тілде жазылғаны мәтінді ресми түрге ауыстырып бере алатынында. Сонымен бірге сервис орыс тіліндегі мәтінді ағылшыншаға аударып береді. Сол аударылған нұсқаны өңдей алады.

Құны:

  • Айына $ 0 — Free тарифі: рерайт жасауға, хатты өңдеуге немесе мәтін көлемін өзгертуге бір күнге 10 сұранысқа рұқсат беріледі.
  • Айына $ 9,99 — Premium тарифі: сұраныс санына шектеу қойылмайды, қалағанынша рерайт жасауға, өңдеуге, көлемін өзгертуге болады. Қолдау да премиум.

Жекелей есептететін Premium for Teams тарифі: сұраныс санына шектеу қойылмайды, команда ретінде төлеуге болады.

          BetaTome. Жасанды интеллект көмегімен презентация жасап беретін сервис. Компания сұранысына қарай презентация не басқа да қалыптағы контент әзірлеп бере алады. Нейрон желісі генерация жасаған нәтиженің үстінен бір қарап шығып, кем-кетігі болса, түзей аласыз. Тағы бір толықтырып, реттетуге де болады. Презентацияға қандай сурет қосам, мәтінді қалай келістіремін деп бас қатырып жүрмейсіз.

Құны:

Сервисті тегін пайдаланасыз. Кредиттер алу үшін сілтеме арқылы досыңызды шақырсаңыз, жеткілікті.

Notion Al. мәтінді генерация жасауға көмектесетін сервис. Компанияға түрлі идеяларды талқылап, оқиға ойластыруға, БАҚ-қа баспасөз баянын жазып, әлеуметтік желілерге арналған мәтін әзірлеп бере алады. Бұл сервис көмегімен промо-жобаларды жүзеге асыруға болады. 

Құны:

  • Айына $ 0 — Free тарифі: жауап саны шектеулі.
  • Айына $ 10 — Notion Al тарифі: жауап санына шектеу қойылмайды, драфтқа сақтауға болады, құжаттар мен жобаларға толық рұқсат ашылады, мәтін редакторы бар.

ai2sql.io. Кәдімгі қарапайым мәтінді SQL-сұраныстарға (Structured Query Language) айналдырады. Осы сервистің көмегімен техникалық білімі жоқ, бэкграундсыз адамның өзі  SQL-сұраныстар жасай алады. Сол арқылы инженерлер мен бағдарламалаушылардың уақытын үнемдейсіз.

          Құны:

  • Айына $ 0 — Free тарифі: функционалы шектеулі болады.
  • Айына $ 7 — Start тарифі: бір айда100 SQL-сұраныс жасай аласыз.
  • Айына $ 17 — Pro тарифі: бір айда 300 SQL-сұраныс жасай аласыз.
Сондай-ақ оқыңыз