Мысырда тұрғындар белгісіз дертке шалдықты

Жарияланды

Каирдің оңтүстігінде орналасқан Кена провинциясындағы Әль-Әликат ауылының тұрғындары белгісіз дертке шалдықты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі шағымдарды зерделеу үшін профилактикалық және медициналық көмек көрсету және эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі бригадалар жібергенің хабарлады.

Көптеген науқастар жоғары температура, сүйектің қақсап, бас айналуға шағымданған.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі нақтылағандай, әзірге ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындамаған. 

Мысырдың Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Әмр Кандил Sama el-Balad телеарнасына мамандар күніне екі рет ауылда пестицидтерді шашырататынын айтып, талдау үшін масалар мен ағынды сулардың сынамалары алынғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз