ЕЭК Қытайдан келетін металл өнімдеріне демпингке қарсы баж салығын ұзартты

Жарияланды
Фото: архив kursiv.media

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Алқасы Қытайдан Еуразиялық экономикалық одақ аумағына әкелінетін полимерлі жабынды металл бұйымдарына демпингке қарсы баж салығын 5 жылға ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады ЕЭК сыртқы сауда блогы.

2012 жылы белгіленген баж салығы бірнеше рет ұзартылды. Қазіргі уақытта мөлшерлемелер өндірушіге байланысты кедендік құнның 6,98%-ынан 20,2%-ына дейін ауытқиды.

Демпингке қарсы баж салығын ұзарту бастамашылары Магнитогорск металлургиялық зауыты, ММК- Лысьвенск металлургиялық комбинаты, Северсталь және Новолипецк металлургиялық комбинаты болды.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы «Мамандандырылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағам қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің мемлекетаралық стандарттарын әзірлеу бағдарламасына түзетулер қабылдады.

Бағдарламадан 15 позиция тиісті талаптарды әзірлеуге байланысты алынып тасталды. Ресей 21 позиция, Беларусь – 1 позиция, Қазақстан – 3 позиция бойынша мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу кезеңін түзетті.

Бір тауар бойынша мемлекетаралық стандарттың жауапты әзірлеушісі туралы ақпарат өзгертілді. Сондай-ақ, Бағдарлама халықаралық ISO стандарты негізінде Қазақстанның мемлекетаралық талапты қайта қарауы туралы 1 позициямен толықтырылды.

Шешім ресми жарияланған күнінен кейін, күнтізбелік 30 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз