Жалған шот-фактура жазып, 700 млн теңге залал келтірген

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Шымкентте жалған шот-фактура жазып бергендер мемлекет бюджетіне 700 млн теңге залал келтірген, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

«Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерін көрсетпей, тауарларды жөнелтпей, жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан 2 азаматтың әрекетін әшкереледі», делінген хабарламада.

Олар 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың тамызына дейінгі аралықта жалпы айналымы 2,1 млрд теңгеден асқан 6 компания құрған. Салдарынан мемлекеттік бюджетке салық түрінде 700 млн теңгеге жуық қаржы түспей қалған.

Сот үкімімен аталған тұлғалар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыз