Қазақстанда тәуелсіз мұнай өндірушілер бірлестігі құрылды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Қазақстанның тәуелсіз мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші кәсіпорындары жаңа мамандандырылған – PetroMining бірлестігі құрылатыны туралы хабарлады.

«PetroMining қауымдастығы арқылы біз жер қойнауын тәуелсіз пайдаланушылардың, бірінші кезекте мұнай өндіруші компаниялар мен мұнай өңдеушілердің мүддесін қорғап, дамытып қолдау бідліреміз. Біз протекционизмді талап етпейміз, бірақ нарықтың барлық қатысушылары үшін ашық, әділ, тең жағдайлар жасалғанын қалаймыз. Бұл олардың дамып, тиімді жұмыс істеуі үшін қажет. Иә, бір шағын компанияны елемеуге болады, бірақ бүкіл бірлестікті елемеу мүмкін емес», дейді бірлестік жетекшісі Саят Боранбеков.

PetroMining мәліметтері бойынша, Қазақстандағы 75-тен астам жеке мұнай компаниясы бар. Олар елдегі жалпы мұнай өндірудің шамамен 20%-ын құрайды, ал экспорттың 17% осы жеке компанияларға тиесілі.

Тамыз айының басында «PetroMining » қауымдастығы Қазақстандағы жеке мұнай өндіруші және өңдеуші кәсіпорындар өкілдерінің бірінші съезін өткізуді жоспарлап отыр, одан кейін PetroMining қауымдастығының барлық мүшелері үкіметке проблемалық мәселелер мен ұсыныстар тізбесін жолдайды.

Сондай-ақ оқыңыз