Bereke Bank мобильді қосымшада доллар мен еуродағы SWIFT аударымдарын қалпына келтірді

Жарияланды

Bereke Bank клиенттері B-Bank мобильді қосымшасында SWIFT халықаралық аударымдарын АҚШ долларымен және еуромен қайтадан жасай алады. Бұл туралы Банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Аударымдар жеке және заңды тұлғалардың шоттарына банктік деректемелер бойынша жүзеге асырылады. Бір аударым үшін комиссияның құны – соманың 0,2%-ын, кем дегенде 3000 теңгені құрайды. B-Bank қосымшасында тәулігіне максималды 4 200 000 теңгеге дейін аударуға болады*.

Доллармен және еуромен онлайн аударымдарын іске қосу Банктің операциялық қызметті қалпына келтіру жоспарлы жұмысы шеңберінде орындалған кезекті қадамы болды.

Операцияны жүзеге асыру үшін:

  • • B-Bank мобильді қосымшасын жүктеп, тіркеліңіз;
  • • содан кейін басты бетте «Аударымдар» бөліміне өтіңіз;
  • • «Халықаралық», «Шот нөмірі бойынша» бөлімшесін таңдаңыз;
  • • қаражатты алушыны: жеке немесе заңды тұлғаның деректерін толтырыңыз;
  • • аударым сомасын енгізіп, операцияны растаңыз. Дайын! Қаражат алушыға аударылған ақша үш жұмыс күні ішінде түседі.
  • • Бүгінде Bereke Bank клиенттері B-Bank мобильді қосымшасында операцияларды теңгемен, АҚШ долларымен, еуромен және Ресей рублімен жүргізе алады. Сондай-ақ, Банк бөлімшелерінде теңгемен, АҚШ долларымен, еуромен, рубльмен және юаньмен аударымдар қолжетімді.

Жақын арада Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері бойынша картадан картаға жасалатын ақша аударымдарын қалпына келтіру көзделіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз