Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың тізбесіне елорданың 78 кәсіпорны енгізілді

Жарияланды
Астана
Фото «Курсив».

Астана әкімдігі азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың тізбесін бекітті, деп хабарлайды «Ашық НҚА» сайты. Тізім «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына бекітілген.

«Астана қаласында азаматтық қорғаныс санаттарына жататын ұйымдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.Осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін»-делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Тізімге «Транстелеком» АҚ, «Қазаэронавигация» РМК, «Бәйтерек» АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «KEGOC» АҚ, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Қазақстан темір жолы «ұлттық компаниясы» АҚ, «Халықаралық» АҚ, Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы» сияқты 78 ұйым кірді.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.    

Сондай-ақ оқыңыз