Ресей Қырғызстанға 15 млн доллар бөледі

Жарияланды

Ресей Федерациясының Үкіметі БҰҰ — ның 2023-2026 жылдарға арналған Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының желісі бойынша Қырғызстандағы мектептегі тамақтану жүйесін дамыту жобасының үшінші кезеңін іске асыруға 15 миллион доллар бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 24.kg хабарлады.

Бұған дейін Ресей 2013-2023 жылдары мектептегі тамақтануды жақсарту бағдарламасын жүзеге асыруға 22 миллион доллар бөлген.

«Осы жобаның арқасында елде 200 мың бала ыстық мектеп тамақ ішеді. 850 мектепте асханалар жөнделіп, заманауи ас үй құрылғыларымен жабдықталды. 4 мың тонна байытылған бидай ұны жеткізілді. Мектеп аспаздары мен ас үй қызметкерлері үшін қосымша 3 мың жұмыс орны құрылды»-деді Қырғызстандағы Ресей елшілігінің дипломаттары.

Сондай-ақ оқыңыз