Путин санкцияларға жауап ретіндегі жарлықты 2025 жылға дейін ұзартты

Жарияланды
Путин
Фото: smotrim.ru

Владимир Путин 2022 жылғы наурызда жарлықпен енгізілген сыртқы саудадағы шектеу шараларын 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін екі жылға ұзартты. Бұл туралы РБК агенттігі хабарлады.

Ресей Президенті наурыз айында елден жекелеген өнімдер мен шикізаттарды әкетуге және әкелуге шектеулер енгізіп, Жарлыққа қол қойды.

Жарлықта шектеулер «Ресей Федерациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнеркәсіптің үздіксіз жұмыс істеуі үшін»қолданылатындығы айтылған.

Тыйым салулар мен шектеулерге жататын тауарлардың тізімінде технологиялық, телекоммуникациялық, медициналық жабдықтар, көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы бар.

Сондай-ақ оқыңыз