Шымкент әкімдігі қала басшысы ауысатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Жарияланды

Шымкент қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі шаһар басшысы ауысатыны туралы дүйсенбі күні әлеуметтік желілерде таралған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы әкімінің ауысатыны туралы жалған ақпараттар жариялануда. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ қала әкімі Мұрат Әйтеновтің лауазымдық қызметінде екені хабарланды.

Бұған дейін,  Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстағаны хабарланған болатын.

«2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховты ұстады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде», делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз