Бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтеріне тіркеуге тұруға тыйым салынады
«Ашық НҚА» порталында бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінде тіркеу мүмкіндігі туралы норманы ережеден алып тастау туралы Ішкі істер министрлігі дайындаған жоба талқыланып жатыр.
Құжатқа сәйкес «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Үкімет қаулысына өзгеріс енгізіледі.
Бұл қаулыға өзгеріс енгізу арқылы «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» және «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы» жүйелерінде тұрғылықты жері бойынша тұрмайтын тұлғаларға мәртебе беру ретінде, сайлаушылар тізімдерін өзектендіру мақсатында және жаңа нормаларды енгізу мақсатында бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінде тіркеу мүмкіндігі туралы норманы ережеден алып тастау көзделген.
«Бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінде тіркеу туралы норманы қолданыстағы ережелерден алып тастау мәселесі елордаға көші-қон ағындарын реттеу және бақылау және қаланы салу мәселелері жөніндегі кеңестің 2023ж. 11 шілдедегі Еңбекминінің хаттамасын орындау шеңберінде пысықталды», делінген құжатта.
Сол хаттамаға сәйкес ІІМ-ге ағымдағы жылғы 21 шілдесіне дейінгі мерзімде Еңбекминіне ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу тәртібін регламенттеу бойынша, азаматтарды саяжай және бау-бақша учаскелерінде, тұрғын емес және қызметтік үй-жайларда тіркеуге тыйым салу туралы түпкілікті ұсыныс жіберу тапсырылған.
Қаулы күшіне енсе, «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер базасы жүргізілген тексеру нәтижелері туралы қорытынды негізінде уәкілетті органның адамдарды тіркеуден шығару, тиімді мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу үшін халықты толық есепке алу мақсатында 14 жасқа дейінгі балаларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы норма да енгізіледі. Яғни 14 жасқа дейінгі балалар әке-шешесінің мекен-жайы бойынша автоматты түрде тіркеледі.
Ал мекенжайы бойынша жылжымайтын мүлік объектілерінде немесе ақпараттық жүйеде жоқ жеке тұлғаларды тіркеу анықталса уәкілетті орган жүргізілген тексеру нәтижелері туралы қорытынды негізінде тұлғаларды тіркеуден шығару тәртібін жүзеге асырады.
«Тұрғылықты жері бойынша тұрмайтыны анықталған адамдарға «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» және «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы» жүйелерінде арнайы мәртебе беріледі», делінген құжатта.
Бұл құжат арқылы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің статистика органдары жүзеге асыратын статистикалық есептілікті қалыптастыру мүмкіндігі қарастырылады.
Қаулы 10 тамызға дейін талқылауда болады және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.