Ford 900 мыңға жуық F-150 пикаптарын тежегіштегі ақаулығына байланысты кері қайтарып жатыр

Жарияланды

Американдық автоөндіруші Ford Motor 2021 жылдан 2023 жылға дейін шығарылған F-150 үлгісіндегі 870,7 мың пикапты электрлік тұрақ тежегішінің ақауларына байланысты кері қайтарып жатыр, деп жазады Іnterfax.ru сайты.

Компанияның баспасөз қызметінің айтуынша, артқы картердің құрылғысы электр сымдарын зақымдауы мүмкін. Яғни бұл электр тұрақ тежегішін (EPB) көлік жүргізу кезінде кенеттен іске қосып, апатқа әкелуі мүмкін.

Форд АҚШ-тың ұлттық жол қауіпсіздігі басқармасына (National Highway Traffic Safety Administration, NHTSA) осы мәселеге байланысты апаттар мен жарақаттар туралы ақпараттың белгісіз екендігі туралы хабарлады.

Форд акциялары дүйсенбіде алдын ала сауда-саттықта 1% – ға арзандады. Компанияның капиталдандыруы соңғы үш айда 11,6% – ға өсіп, 5 53,1 млрд-қа жетті. Ал S&P 500 индексі 9,9% – ға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз