Кәсіпкерден 390 мың доллар сұраған: Антикор алаяқтардан сақ болуды ескертеді

Жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өзін мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырған жанның Алматыда кәсіпкерді пара беруге итермелеп, 390 мың доллар талап еткенін хабарлады. Ол кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру шаралары жүріп жатыр деп жалған ақпарат берген.

Өзінің делдалдық қызметін ұсынған жанға алданбаған кәсіпкер Антикорға шағымданған.

«Күдікті ақшаны алу кезінде ұсталды. Сондай-ақ, аталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде қосымша 470 мың АҚШдоллары табылды. Олардың қайдан алынғаны және ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Сот күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын тағайындады», делінген хабарламада.

Қазір тергеу жалғасуда. Ведомстваның мәліметінше, мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты қандай да бір мәселені шешу сылтауымен алаяқтықтың, оның ішінде пара беруге итермелейтін жағдайлардың жалғасып келеді.

«Мұндай жағдайларда Антикорға хабарласуды немесе ұқсас фактілер туралы 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарлау» сұралып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз