"Тинькофф банк" қолданбасы Google Play дүкенінен алынып тасталды

Жарияланды

Фото: Ашық дереккөздерден

«Тинькофф банк» мобильді қолданбасы Google Play дүкенінен жойылды, деп хабарлайды Ведомости.

Тинькофф қосымшалары, соның ішінде «Тинькофф банк» және «Тинькофф инвестиции» App Store дүкенінен 2023 жылдың наурызында банкке ЕО санкция енгізгеннен кейін жоғалып кеткен болатын. Банк бұрын жүктелген қосымшалар құрылғыларда жұмысын жалғастырады деп сендірген.

Ал 20 шілдеде «Тинькофф» АҚШ пен Канаданың санкцияларына ұшырады. Банктің баспасөз қызметі шектеулер банктің Ресейдегі жұмысына әсер етпейтінін хабарлап, өзгерістерге байланысты толық ақпарат жариялаған. «Тинькофф инвестиции» баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес АҚШ-тың барлық бағалы қағаздарымен сауда стандартты режимде жалғасады.

Дүкеннен «Тинькофф инвестиции» және «Тиньков мобайл» қосымшаларын әлі де жүктеп алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз