Елжас Отыншиев QazaqGaz директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Жарияланды
Фото: qazaqgaz.kz

«QazaqGaz «Ұлттық компаниясы» АҚ жалғыз акционерінің шешімімен Елжас Отыншиев компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы және «Самұрық-Қазына» мүдделерін танытатын өңіл болып сайланды. Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасын хабардар етті.

Ал, Ескендір Майлыбаев директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып сайланды. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы » АҚ Директорлар кеңесі сегіз адамнан тұрады: Елжас Отыншие, Анатолы Тегісбаев, Санжар Жаркешов,Нұрлан Аханзарипов, Омархан Өксікбаев, Сая Мыншарипова, Ернат Бердіғұлов, Ескендір Майлыбаев.

Айта кету керек, осы жылдың сәуір айынан бастап Елжас Отыншиев «Самұрық-Қазынаның» активтерді басқару және стратегия жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды. Сонымен қатар, ол шілде айында «ҚазМұнайГаз» директорлар кеңесінің мүшесі және мемлекеттік холдингтің мүдделерін танытатын өкіл ретінде сайланған еді.

Сондай-ақ, ол «Қазатомөнеркәсіп»  АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және 2023 жылдың 19 мамырында «QazaqGaz Ұлттық компаниясы» директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз