Fitch агенттігі АҚШ рейтиңін төмендетті

Жарияланды
Фото: shutterstock

АҚШ мемлекеттік қарызы өсіп барады және бюджеттік көрсеткіштері төмендеді. Осыған байланысты Fitch Халықаралық рейтинң агенттігі АҚШ эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтиңін «ААА» көрсеткішінен «AA+» деңгейіне төмендеді.

«АҚШ рейтиңінің төмендеуі таяу үш жылда салықтық-бюджет көрсеткіштерінің төмендеуі күтілетінін, мемлекеттік қарыздың көбеюі және өсіп бара жатқанын, соңғы жиырма жылда туындаған мемлекеттік қарыздың шегі туралы үнемі жүріп жататын саяси талас-тартыс әсерінен «АА» және «ААА» рейтиңі бар өзге мемлекеттетмен салыстырғанда басқару сапасының төмендеуін көрсетеді», делінген Fitch хабарламасында.

Fitch бағалауынша, АҚШ мемлекеттік бюджетінің тапшылығы 2023 жылы ЖІӨ-нің 6,3% құрайды. Өткен жылы көрсеткіш 3,7%-ды құраған болатын. 2024 жылы тапшылық ЖІӨ-нің 6,6%, 2025 жылы 6,9% құрайды деп болжам жасап отыр, агенттік.

Биыл АҚШ-тың жалпы мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 112,9%-ын құрайды деп күтіліп отыр. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен -122,3% төмен, алайда пандемияға дейінгі 2019 жылғы мәннен – 100,1% әлі де айтарлықтай жоғары.

АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен Fitch шешімін «негізсіз, ескі мәліметтерге сүйенген» деп атады. Ал, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер «Әлемдегі ең ірі экономикалардың арасында Президент Байден белсенді қалпына келтіруді қамтамасыз еткен кезде, АҚШ-тың рейтингін түсіру, ешбір қисынға келмейді», деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз