«АлматыЭлектроТранс» компаниясының бұрынғы бас директоры бес жылға сотталды

Жарияланды

«АлматыЭлектроТранс» компаниясының бұрынғы бас директоры Бекмырза Игенбердинов бес жылға бас бостандығынан айырылды .

«Игенбердинов Бекмырза Қайыргелдіұлы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мемлекеттік қызметте, судьяларда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық Банкте және оның ведомстволарында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік секторларда лауазымды қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынады, – делінген Жоғарғы соттың сайтында жарияланған сот үкімінде.

Бекмырза Игенбердинов бұрын жасалған келісімдер бойынша атқарылған жұмыс актілеріне қол қойып, ақша аударғаны үшін кәсіпкерлік субъектісінің өкілінен 150 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.

Сондай-ақ оқыңыз