Air Astana-ның атынан жалған жұмыс ұсынатын жағдайлар жиілеп кеткен

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Air Astana-ның атынан жалған жұмыс ұсынатын алаяқтар көбейген. Бұл жайлы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Баспаcөз қызметінің мәліметінше делдалдар көмегімен Air Astana әуекомпаниясына жұмысқа кепілді орналасу туралы жалған хабарландырулардың жиілеп кеткен. Компания мұндай хабарландырулар мен қызметтер заңсыз екенін ескертеді.

«Аіr Astana жұмысқа орналасудың көп сатылы процесінде транспаренттік пен адалдық қағидаларын ұстанады. Қазіргі кезде ұсынылып жатқан жұмыс орындары www.job.airastana.com сайтында жарияланып, тек осы ресми сайт арқылы жіберілген түйіндемелер қарастырылады. Алаяқтардың тұзағына түсіп, алданып қалмаңыз», делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз