Ақшаны БТА банкінен жымқырып, Америкада жылыстатқан: АҚШ соты Әблязовты кінәлі деп тапты

Жарияланды
Фото: shutterstock және kursiv.media

АҚШ соты Мұхтар Әблязовтың БТА банкінен ақша ұрлап, оны АҚШ-та жылыстатқанын мойындады. Бұл туралы БТА банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылдың 31 шілдесінде Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ аудандық сотының судьясы Джон Г. Кельтл «БТА Банкі» АҚ-ның Triadou SPV S.A.-ға қарсы шағымы бойынша қозғалған іске қатысты үкім шығарды. Іс бойынша 193 миллион доллардан астам сомаға қатысты шешім БТА банк пайдасына шығарылды.
Сот шешімі 2022 жылдың желтоқсанында алқабилердің үкімімен бірдей болды. Үкімге сай Triadou компаниясы бөтеннің мүлкін иемденгені және заңсыз байығаны үшін жауапқа тартылған. Алқабилердің үкімінен кейін судья іс материалдарын қарап, өз шешімінің негізін баяндады.

«Нәтижесінде сот БТА-ның Triadou-ға қатысты сенімгерлік меншікке және БТА қаражатын пайдалану арқылы алынған кез келген пайдаға қатысты талабын қанағаттандырды. Сондай-ақ БТА-ның Triadou-дың бірқатар автивіне қатысты талап арызын қабылдады», – делінген ақпаратта.


Сот Triadou SPV Мұхтар Әблязовтың күйеу баласы Ильяс Храпунов құрған және басқаратын жалған компания екенін растады. Бұл компания БТА-дан ұрланған 70 млн доллардан астам қаражатты алып, оны Нью-Йоркте және АҚШ-тың басқа да жерінде жылжымайтын мүлікке инвестициялаған.

«Сот қорытындысында «сотта келтірілген дәлелдер Америка Құрама Штаттарындағы Triadou атынан салынған қаражат Аблязовтың БТА-дан басқа жалған компания арқылы ұрлаған 115,3 миллион долларымен тікелей байланысты екенін көрсететіні» жазылған», – деп хабарлады БТА Банкі.

Ильяс Храпунов Triadou SPV компаниясын үшінші тұлғаға сатқанын мәлім еткен. Алайды сот ол компанияны «Филипп Глатцтің сатып алуын жалған деп танып, сот процесі басталған кезде де Ильяс Храпунов Triadou SPV-ді бақылап отырды» деген қорытындыға келген.

«Сот пен алқабилер куәгерлерді, соның ішінде Аблязов пен оның сыбайластарын, сондай-ақ БТА-ға қатысты жасалған ірі алаяқтықтың құрылымын түсіндірген сарапшы куәгерлерді тыңдады. Сот БТА ұсынған Аблязовтың «оффшорлық компанияларға жалған несиелер» арқылы миллиардтаған долларды ұрлау үшін БТА корпоративтік бизнес кеңсесін пайдаланғаны туралы дәлелдерді толыққанды деп шешті», – делінген банк хабарламасында.

Сот «Банктің клиенттері» саналған оффшорлық компаниялардың Аблязовқа тиесілі немесе соның бақылауында болғанын, ал оларға берілген «несиелердің» экономикалық мәні болмағанын анықтады. «Несиелер» бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасындағы мәміле емес Аблязовтың БТА Банкінен қаражатты заңсыз иемденуінің құралына айналған» деген қорытындыға келді.

Сондай-ақ оқыңыз