«Ауыл – Ел бесігі» жобасына 2022 жылы 128 млрд теңге бөлінген

Жарияланды
Фото: kursiv.media

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі іс-шаралар тізбесіне 2022 жылы 128 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалған.

Атап айтқанда, жалпы Қазақстан бойынша 1060 жоба жүзеге асырылып, оған 127 706 421 000 теңге қаражат жұмсалған. Әр өңірге бөлінген қаражатқа тоқталатын болсақ, ең аз қаражат Ұлытау өңіріне бөлінген. 2022 жылы Ұлытау облысына мемлекет 634 215 000 теңге жұмсаған. Бұл қаражатқа 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынған.

Ал ең көп қаражат бөлінген өңір – Түркістан облысы. Мұнда 16,6 млрд теңгеге 253 жоба жүзеге асырылған. Содан кейінгі орында Алматы облысы тұр. Мұнда 36 жобаға 14,1 млрд теңге жұмсалған. Атырау мен Жамбыл облыстарына 12 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл қаражатқа Атырауда облысында – 40 жоба, Жамбыл облысында – 149 жоба жүзеге асқан.

Одан кейінгі орында Маңғыстау облысы тқр. Бұл өңірде 30 жобаға 8,6 млрд теңге жұмсалған. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарына 7,7 млрд теңге бөлініп, бірінде 70 жоба, екіншісінде 47 жоба жүзеге асырылған.

Ал Ақмола облысында – 25 жобаға 6,4 млрд теңге, Қостанай облысында – 75 жобаға 6,6 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысында – 67 жобаға 4,2 млрд теңге, Қарағанды облысында 42 жобаға 3,4 млрд теңге, Абай облысында 50 жобаға 4,4 млрд теңге, Павлодар облысында 57 жобаға, 5, 1 млрды теңге, Солтүстік Қазақстан облысында – 49 жобаға 5,5 млрд теңге, Жетісу облысында – 13 жобаға 4,4 млрд теңге жұмсалған.

Жалпы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2021 жылы 106 млрд теңге, 2020 жылы 80 млрд теңге, 2019 жылы 29 млрд теңге жұмсалған.

Сондай-ақ оқыңыз