Өзенмұнайгазда жалақы мен электр энергиясына қатысты түсініктеме берілді

Жарияланды
омг
Фото: «Озенмунайгаз»

«Өзенмұнайгаз»АҚ-да электр және жалақы мәселесіне қатысты түсініктеме берілді. Қазіргі кезде компанияда барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:25-тен 18:50-ге дейін (тоқтау уақыты 25 мин.) электр қуатының үзілуіне байланысты апатты жағдайды болдырмас үшін жүктемені арнайы өшіру автоматикасы (САОН) іске қосылды.

Нәтижесінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға тиесілі 3 140 ұңғыма уақытша қуатсыз қалды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:50-де электр қуаты қайта берілді. Қазіргі уақытта «Өзенмұнайгаз» АҚ-да мұнай өндіріліп жатыр.

«Өзенмұнайгаз» АҚ қиындыққа қарамастан жұмысшылар алдында өзіне жүктелген міндеттерді орындап, жыл басынан бері еңбек ақы тұрақты төленіп, жұмыс орындарының сақталғанын айтады.

Алдағы уақытта осындай қиындықтарға қарамастан қызметкерлердің жалақысын уақытылы және толық көлемде төлеу жоспарланып, бұл бағытта тиісті шаралар атқарылуда.

Сондай-ақ оқыңыз