Түркиядағы жол апаты: 4 қазақстандық ауруханада емделіп жатыр

Жарияланды
СІМ
Фото: ҚР СІМ

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен 4 қазақстандық ауруханада емделіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

«Өкінішке қарай Түркиядағы жол апатынан 2 отандасымыз қаза тапты. Олардың мәйіттері өткен аптада Қазақстанға жеткізілді. Қазір 4 қазақстандық ауруханада ем алып жатыр. Барлық медициналық және репатрациялау шығыны сақтандыру компаниясының есебінен төленіп жатыр», – деді СІМ ресми өкілі.

Оның айтуынша, отандастарымыз Түркияға демалуға барған кезде сақтандыру полисін рәсімдеген. Сондықтан еш қиындық тумаған.

«Қалған 4 адам ауруханада, жанында туыстары бар. Олар көмектесіп, жақын арада тез сауығып, елге оралады деп күтеміз», – деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ оқыңыз