«Yandex Go» сервисін тұтынушылардың жеке деректеріне Ресей федералды қауіпсіздік қызметі сұрау салу арқылы қол жеткізе алады

Жарияланды
Фото: kursiv.media

«Яндекстің» қазақстандық баспасөз қызметі БАҚ-та тараған Қазақстанның «Yandex Go» сервисін тұтынушыларының жеке деректеріне Ресейдің федералдды қауіпсіздік қызметі қол жеткізе алады деген ақпаратқа түсініктеме берді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстандағы сервиске және оның пайдаланушыларына ресейлік заңнама қолданылмайды, өйткені тұтынушылар Ресейден тыс жерде жол жүріп, қолданбаны пайдаланады.

«Қазақстандағы пайдаланушыларға Yandex Go қызметін ұсынатын «Yandex.Taxi Corp» ЖШС қазақстандық компаниясы республика заңнамасына сәйкес пайдаланушылардың жеке деректерін өңдейді, сонымен қатар деректер субъектілерінің барлық құқықтарын қамтамасыз етеді», делінген компания хабарламасында.

Дегенмен, Яндекс Қазақстандағы қызметтің жұмысына қатысты деректерді уәкілетті шетелдік, оның ішінде ресейлік мемлекеттік органдар «тек ресми сұрау салу арқылы және белгіленген халықаралық рәсімдер шеңберінде ғана» сұрай алатынын атап өтті.

9 тамызда Қазақстанда бұғатталған ресейлік Meduza басылымы қыркүйекте ресейлік ФСБ Яндекс такси қызметінің деректеріне, соның ішінде Ресейден тыс сапарларға тәулік бойы қол жеткізе алатынын хабарлады.

Meduza-ның хабарлауынша, «Яндекс Go» такси қызметінің, сондай-ақ оның шетелдік әріптесі Yango-ның барлық деректері қазір Мәскеу, Рязань және Владимир облыстарындағы ресейлік деректер орталықтарында сақталған. Бірақ Украинада соғыс басталғанға дейін Yango-ның кейбір деректері Финляндияның Мянтсяля қаласындағы деректер орталығында сақталып келген.

Компания ФСБ-ның Ресейден тыс таксилер туралы деректерге қол жеткізе алатынын жоққа шығарса да, Финляндияның Деректерді қорғау жөніндегі омбудсмен кеңсесі (DPA) Финляндия мен Норвегияда жұмыс істейті Yango такси қызметі тұтынушыларының кез келген жеке деректерін Ресейге беруді тоқтату туралы шұғыл бұйрық шығарған.

Сондай-ақ оқыңыз