Алматы қаласында мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға өседі

Жарияланды

Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Алматы мәслихаты осы жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары мен кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға өсіру туралы шешім қабылдады.

Хайуанаттар бағы, цирк, қуыршақ театры, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, мемлекеттік мұрағат, кітапхана, музейлер бірлестігі, «Алматы әуендері» қызметкерлерінің еңбекақысы өседі. Қазіргі уақытта мәдениет саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы – 138 мың теңге.

Алматы мәдениет басқармасының хабарлауынша, жалақыға байланысты жас мамандар жұмыстан жиі кетеді. Сондықтан Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдары, кәсіпорындары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу мәселесі Алматы қаласы мәслихатының қарауына ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыз