Махачкаладағы жарылысқа орай Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады
Дағыстан Республикасындағы Махачкалада болған жарылыс салдарынан көптеген адамдардың қайтыс болуына байданысты Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Приезидентінің атына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.
Естеріңізге саламыз, Дағыстан Республикасының Махачкала қаласында 14 тамыз жергілікті уақытпен жанар-жағармай стансасы маңында 21.50-де жарылыс болып, өрт жанар май құйылған станцияның өзін шарпыған.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат салдарынан 35 адам қайтыс болған. Кейбір ақпарат көздері 105 адам зардап шеккенін жазды. 15 тамыз Дағыстан республикасында қаралы күн жарияланды.