Ердоған: Түркия Швецияның НАТО-ға мүшелікке өтінішін қанша уақыт қарайтыны әлі белгісіз
Жарияланды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түрік парламенті Швецияның НАТО-ға мүшелікке өтінішін қанша уақыт қарайтыны әлі белгісіз екенін айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Швецияның НАТО-ға кіруі туралы хаттамалардың Түркияның Ұлы Ұлттық жиналысына (Парламентке) жіберілуі және бұл процестің Парламентте тез жүруі Швецияның уәделеріне адал болуына тікелей пропорционалды. Біздің парламент бұл мәселе бойынша шешім қабылдайды. Бұл мәселе біздің Парламентте және комиссияларда қанша уақытқа созылатынын білмейміз. Ең алдымен Швеция Стокгольм көшелерін қорғауы керек. Егер олар Стокгольм көшелерін қорғамаса, егер бұл қасиетті құндылықтарға жасалған шабуылдар жалғаса берсе, ренжімеңіз», – деді Ердоған Венгриядан оралғаннан кейін журналистерге.