Қызылорда облысындағы «Ақшабұлақ» кен орнында өрт шығып, бір адам қайтыс болды

Жарияланды

Қызылорда облысында «Ақшабұлақ“ кен орнындағы өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр

«19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында “Ақшабұлақ» кен орнында цистерна жарылып, өрт болды. Салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, 1 адам медициналық мекемеге көрініп, қайтарылды»-делінген хабарламада.

ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән – жайлар анықталуда.

Кен орны кімге тиесілі. «Қазгермұнай» БК» ЖШС – Қазақстанның мұнай шығару секторындағы ірі компаниялардың бірі болып табылады. Компания өзінің көмірсутек шикізатын барлау, өндіру және өткізу қызметтерін және Қызылорда облысының Оңтүстік Торғай ойпатындағы Ақшабұлақ, Нұралы Ақсай кен орындарында жүзеге асырады.

Кен орындарында көмірсутек шикізатын барлау, игеру, өндіру және өткізу бойынша өз қызметін жүзеге асырады.

Компанияның бас директоры-шетелдік Лю Шаою.

«ПетроҚазақстан Инк.» – бұл мұнай және газды сатып алу, барлау, шығару және өндіру, сондай-ақ, мұнай өнімдерін сату қызметін жүзеге асыратын, акционерлері «CNPC E&D» (67%) және «ҚазМұнайГаз» БӨ (33%) болып табылатын энергетикалық сектор кәсіпорындарының тобы. Топтың барлау мен өндіру бойынша барлық операциялары Оңтүстік Торғай мұнайлы алабында және Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде шоғырланған. Топтың өндірудің түрлі кезеңдеріндегі кен орындарында үлесі бар. Қазіргі таңда өндірілетін өнімнің көбі ішкі нарыққа жеткізіліп, шикі мұнайдың экспорты Қытай мен Өзбекстан бағыттарында жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ оқыңыз