Қытай Украинадағы гуманитарлық жағдайды жеңілдетуге уәде берді

Жарияланды

Қытай Украинадағы гуманитарлық жағдайды жеңілдетуге тырысады. Мұндай уәдені ҚХР СІМ ресми өкілі Ван Вэньбинь берді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Қытай Украинадағы гуманитарлық жағдайды жеңілдетуде өзінше сындарлы рөл атқарды. Біз Украинадағы гуманитарлық жағдай бойынша алты тармақтан тұратын бастаманы қоса алғанда, арнайы ұсыныстар жасадық. Сонымен қатар гуманитарлық көмектің бірнеше партиясын жібердік», — деді ол.

Оның айтуынша, Бейжің осы бағытта өз күш-жігерін салуға дайын.

Бұған дейін Қытай Украинадағы қақтығысты реттеуге көмектесуге уәде берген болатын. ҚХР СІМ ресми өкілі Чэн Кунь Пекин келіссөздер мен саяси шешімге ықпал ететінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз