Еуразиялық экономикалық комиссияның мониторингтік тобы Қазақстанға жіберілмеді – ЕЭК Министрі

Жарияланды

рзыбек Қожошев бастаған топ Қазақстан тарапының Қырғызстаннан жүк көліктерін баяу өткізіп жатқанының себебін анықтау үшін 24 тамызда келген болатын. Бұл туралы Орда кз сайты хабарлады.

ЕЭК Министрі Қырғызстан аумағындағы жағдай зерттелгенін айтты. Қазақстан жағына барып, оның ұстанымын тыңдау мүмкін болмады. Оның айтуынша, Қазақстан шекарашылары ЕЭК төрағасы Михаил Мясникович шешімге қол қойғанымен, Қазақстан шекарашылары  топтың сапары мен нұсқаулары туралы ешқандай құжат алмағанын және құжат екі ел үкіметіне бірдей тез  жіберілгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. 

«Сондықтан қазақстандық тараптың әрекеті бізге түсініксіз, біз үш күн боламыз дедік, кешеден бері олардың аумағына өтіп, ол жақтағы жағдайды көріп, біраз сұрақтар қоюды күтіп отырмыз. – деп түсіндірді Қожошев.

Топ басшысы шекарадағы мұндай жағдайлар тұрақты сипатқа ие болса, ЕАЭО аясындағы интеграциялық үдерістерге кері әсерін тигізетінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз