2023 жылы резидентураға бөлінген гранттар саны 70%-ға артты

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес резидентурада оқитындарға арналған гранттар саны артты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді», деген болатын.

Соған сәйкес 2023 жылы гранттар саны 70%-ға артып, 1500-ден 2500-ге жеткен. Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері:

  • Акушерлік және гинекология – 214
  • Анестезиология және реаниматология – 200
  • Неонатология – 119
  • Терапия – 115
  • Жалпы хирургия – 98
  • Неврология – 92
  • Психиатрия – 88
  • Кардиология – 78
  • Оториноларингология – 83
  • Офтальмология – 66
  • Жұқпалы аурулар – 63
  • Травматология-ортопедия – 62
  • Эндокринология – 55
  • Қалғандары – 1167
Сондай-ақ оқыңыз