ҚДКБҚ теңгедегі депозиттердің сыйақы мөлшерлемесін бекітті

Жарияланды

Фото: kursiv.media

ҚДКБҚ теңгедегі депозиттердің қыркүйек пен қазан айына арналған шекті сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Мерзімді депозиттердің мөлшерлемесі – 16 пайыз.

Ал мерзімсіз депозиттердің сыйақысы мерзімен қарай әртүрлі.

Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне қарай ҚДКБҚ шекті мөлшерлемесі мына кестеде көрсетілген:  

Мерзімсіз депозиттер16,016,016,016,0
Мерзімді депозиттер
3 ай17,317,316,816,8
6 ай17,317,316,816,8
12 ай14,814,814,514,5
24 ай10,710,710,510,5
Жинақ депозиттер
3 ай18,318,317,817,8   
6 ай18,3         18,3         17,817,8  
12 ай16,916,915,715,7
24 ай14,314,313,513,5

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдеріне қатысты сыйақы мөлшерлемелерінің көлемі қандай болатындығы туралы шешімді өз бетімен қабылдайтынын хабарлады.

«Банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға берілетін ішкі бағаларды ескере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол ҚДКБҚ бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін»,- делінген хабарламада.

Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктердегі халықтың депозитінде 1,7 трлн теңге жатыр. 2023 жылдың І тоқсанында жеке депозиттерде 231,8 млрд теңге көлемінде оң өсім бйқалған.

Қазақстанда банк депозиттерінің орташа сыйақы мөлшерлемесі 13,9%-ды құрайды.  Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 10,6% болса, 2021 жылдың аяғында ол небәрі 8% болға

Сондай-ақ оқыңыз