Біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз: Тоқаев қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

Жарияланды
тоқаев
Фото: Асқар Ахметуллин

Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

Өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі, деп жазды Тоқаев. Ол «мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайтынын» атап өтті. Сонымен қатар, әр оқушының қалыптасуындағы ұстаздың рөліне тоқталды.

«Мектептің жаны – мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында! Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін! Жастарымыз келешекте Отанымызға адал қызмет етіп, оның дамуына үлес қосатынына кәміл сенемін! Білім күні құтты болсын!», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ оқыңыз