«Бәйтерек» холдингінің құрылымы өзгеріп, «Отбасы банктің» қызметі қайта қаралады

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Алдағы уақытта «Бәйтерек» холдингінің құрылымын өзгеріп, «Отбасы банктің» қызметі қайта қаралады. Бұл туралы Мемлекет басшысы мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекеттік қолдау шараларын өндірістің технологиялық күрделілігіне және бизнестің нақты түріне қарай жіктеу, оның операциялық тиімділігі жоғары болу маңызды.

«Сондықтан «Бәйтерек» холдингінің құрылымын өзгертіп, оны кең ауқымда цифрландырған жөн. Экспортты ұлғайтуға айрықша мән беру керек. Оның әдіс-тәсілдері болғанымен, жүйелі ұстаным жоқ. Осы орайда KazakhExport компаниясы экспортты дамытатын толыққанды институтқа айналады. Компанияға осы міндетті атқаруға қажетті құзырет берілуге тиіс», деді Президент.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ – кәсіпкерлікті қолдау мақсатында құрылған даму институты. Ұлттық холдингтің негізгі міндеттері: экономиканың шикізаттық емес секторларын, кәсіпкерлікті дамыту, шикізаттық емес өнім экспортын қолдау, АӨК-дегі қаржыландырудың қолжетімділігін, өндірісті техникалық жарақтандыру және қарқындату деңгейін арттыру, экономиканың урбанидалуын қолдау. «Бәйтеректің» сегіз еншілес кәсіпорны бар. Ұлттық холдинг акцияларының 100%-ы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы мемлекетке тиесілі. 

Бұдан бөлек, Тоқаев «Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек деді

«Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моно-қалаларға және ауылдарға аударған жөн. Бәсекелестік дамымаса, бизнес те өркендемейді. Бұл – айдан анық. Қазір негізгі салалардың көбінде бірнеше ірі кәсіпорын басымдыққа ие болып отыр. Бұл жағдай нарықтағы шынайы ахуалды көрсете алмайды», деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Жолдау барысында экономиканы қаржыландыру саласындағы бәсекені арттыру үшін шетелден 3 сенімді банк тартуды ұсынған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз