Тамызда айлық инфляция 0,7%-ды, жылдық деңгейі 13,1%-ды құрады

Жарияланды
Фото: архив kursiv.media

2023 жылғы тамызда айлық инфляция деңгейі 0,7% құрады. Ал осы айдағы жылдық деңгейі 13,1% болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Айлық инфляция құрылымы бойынша ақылы қызметтер ақысы – 1,9% өскен.

су бұру – 18%

суық су – 13,1%

ыстық су – 7,8%

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,5% ұлғайды.

оқушы рюгзагы – 5,9%

балалар киімі – 2,9%

балалар аяқ-киімі – 2,9%

Азық-түлік – бағасы өспеген. Дегенмен, күріш – 2,1%, минералды, ауыз су – 1,4%, консервіленген сүт – 1,1%-ға өсті. Ал, жаңа піскен көкөністер – 6,1%, картоп – 4%-ға арзандады.

Сондай-ақ оқыңыз