Ыстамбұлда электрсамокаттардың жылдамдығы шектелді

Жарияланды

Ыстамбұлдың бес ауданында электрсамокаттардың жүру жылдамдығы шектелді. Мұндай шешімді қаланың көлік-үйлестіру орталығы (UKOME) қабылдады, деп хабарлайды Лента ру басылымы.

Жаңа ережелер Кадыкөй, Шишли, Бешикташ, Бейоғлу және Фатих аудандарына қатысты. Электрсамаокаттардың максималды жылдамдығы сағатына 20-дан 12,5 шақырымға дейін төмендейді.

Билік сонымен қатар Ыстамбұлдың тарихи көрікті жерлерінде тек жаяу жүргіншілер үшін ғана болады деп шешім қабылдады.

Сонымен, Феодосийдің қабырғалары — V ғасырдың басындағы Константинополь бекінісі — және XV ғасырда салынған Осман империясының басты сарайы орналасқан Топкапи алаңында көліктер жүрмейді.

Сондай-ақ оқыңыз