Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бұрынғы бас директорына іздеу жарияланды

Жарияланды
Фото: Ашық дереккөздерден

Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі мәдени саясатының тұжырымдамасын әзірлеушілердің біріне іздеу жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Андрей Хазбулатовқа іздеу жариялаған.

Құқықтық статистика және есепке алу органдарының порталында оның 11 күннен бері іздеуде жүргені жазылған.

Хазбулатов Андрей Равильевич Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры қызметін атқарған. Ол туралы мәліметтер Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының сайтында біраз уақыт тұрды. Бірақ біз мақаланы жазып болғанша, сайттан алынып үлгерді. Десе де біз ғалым турал деркетерді көшіріп үлгердік.

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының сайтынан алынған ақпаратта Хазбулатовтың философия ғылымдарының докторы (PhD), доцент, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры қызметін атқарғаны жазылған. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ президенті болған. Сол жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының (Астана, Қазақстан) бас директоры болып тағайындалған.

«Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі мәдени саясатының тұжырымдамасын әзірлеушілердің бірі, «Кинематография туралы» заң жобасының авторы-әзірлеушісі. Мәдениет және өнер саласындағы отандық және шетелдік жобалардың ғылыми және көркемдік жетекшісі. 50-ден астам ғылыми жарияланымның және 2 монографияның авторы. Халықаралық және республикалық конференциялардың, симпозиумдар мен форумдардың қатысушысы», делінген ақпаратта.

Артынша инстиуттың баспасөз қызметі сайттағы ақпарттың ескі екенін, Хазбулатовтың институтта жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

«Ғылыми қызметкер Андрей Хазбулатовпен ғылыми жобамыз болған. Алайда ол жақында ғана өз өтініші бойынша институтпен келісім-шартты бұзды. Хазбулатов 2 жыл бұрын Институттың бас директоры болып қызмет атқарған», деп хабарлады Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтынан.

Сондай-ақ оқыңыз