Туризм және спорт министрлігінің республикалық меншік ұйымдарындағы үлесі бекітілді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі №318 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесін бекітуге қатысты Үкімет қаулысы шықты.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті»  мемлекеттік мекемесі болып осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын», делінген құжатта.

Оған сәйкес министрлікке иелік ету және пайдалану құқығы, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі бекітілген.

Солайша Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы» қарайды.

Еске сала кетсек, Президент жарлығымен елімізде бес министрлік құрылды, төрт министр лауазымынан босады. Жарлыққа сәйкес Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Туризм және спорт министрі болып тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз