Петропавлда 1,5 млрд теңге болатын мультибрендтік автосалон салуға негізсіз рұқсат берілмей келген

Жарияланды
Фото: gov.kz

Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органы 1,5 млрд тұратын жоба салуға негізсіз рұқсат бермеген. Бұл жайлы Петропавл қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ағымдағы жылғы тамызда Солтүстік Қазақстан облысының  фронт-офис алаңына қала аумағында құны 1,5 миллиард теңге болатын мультибрендтік автосалон салуды жоспарлап отырған «Тобыл Моторс» ЖШС өтініш берген. Алай да, инвестициялық жобаны орындау барысында Тобыл Моторс сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) алуда қиыншылыққа тап болған», делінгенхабарламада.

Прокуратураның хабарлауынша үш айдан астам уақыт бойы жергілікті атқарушы орган тарапынан кәсіпкердің жер учаскесінің болуына және автосалон құрылысының Петропавл қаласының Бас жоспарына қайшы келмейтіндігіне қарамастан, СЖТ беру рәсімін кешіктірген.

«Прокуратура органдары мен «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ-ның бірлескен араласуынан кейін ғана 18.08.2023 жылы Тобыл Моторс компаниясына СЖТ  берілді. Өз кезегінде СЖТ-ның болуы кәсіпкерге автосалон салуға кірісуге және одан әрі инвестициялық жобалардың республикалық пулына кіруге мүмкіндік берді», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта прокуратура органдары құрылған фронт-офис алаңында проблемалық сұрақтарды қарау арқылы маңызды инвестициялық  жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асырады. Басты мақсаты туындаған проблемалық мәселелерді жедел шешу және инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде әкімшілік кедергілерді еңсеру.

Сондай-ақ оқыңыз