Шымкент қаласының және Ақтөбе облысының әкімі ауысты

Жарияланды
Коллаж kursiv.media

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысының әкімін лауазымдарынан босатып, жаңа әкімдерді тағайындады. Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің тиісті жарлықтарға қол қойылғанын хабарлады.

Ақтөбе облысын 2022 жылғы 31 тамыздан бері басқарып келген Ералы Тоғжанов қызметінен босатылды. Айта кету керек, Тоғжанов 2022 жылдың 1 желтоқсанында Президент Жарлығымен осы лауазымға қайта тағайындалған еді.

Ақтөбе облысының жаңа әкімі – спортшы,  самбодан үш дүркін әлем чемпионы Асхат Берлешұлы Шахаров болды. Ол Ақтөбе қаласын 16.03.2020-11.2022 жж аралығында басқарған болатын. 2022 жылдың қараша айынан бері Президент әкімшілігінде Мемлекеттік инспектор болып қызмет атқарды.

Мұрат Әйтенов – 2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап – Шымкент қаласының әкімі болған еді. Қала әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес,  ол Мұрат Әйтенов Қорғаныс министрлігінде,  Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Шымкент қаласының жаңа әкімі Ғабит Сыздықбеков 2021 жылдың шілдесінен бастап Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді. Парламент Сенатында және Сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымды қызметтерді атқарған.

Сондай-ақ оқыңыз