Инфляциядан қорғанғың келсе – тәуекелге барып, өз еліңнің экономикасына қаражат сал!
Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында корпоративтік несиеге серпін беру қажет екенін айтып, банктердің экономикалық өсімді қаржыландыруға қосатын үлесі тым төмен деп әділ атап өтті. Корпоративтік несиенің жалпы ішкі өнімге қатысты үлесі шынымен де 2014 жылдан бері қарқынды түрде төмендеп келеді. Қазір бұл көрсеткіш бойынша өз көршілерімізден бірнеше есе артта қалып отырмыз.
Бір жағынан, банктер өз балансын «тазартудың» барлық сатысынан өтті: отандық бизнесті несиелендіруден келген көп шығынын есептен шығарды, бұл оларға үлкен де ауыр сабақ болды. Сол жылдары мемлекет ірі банктерге мықтап көмектесіп, есесіне әлдеқайда зор жауапкершілік артып, консервативті мінез-құлықты талап етті. Осындай жағдайға тап болған жалғыз Қазақстан емес: шын мәнінде, бүкіл әлем бойынша банктер несие беруді қысқартып, есесіне барынша сенімді құралдар: орталық банктердің бағалы қағаздары мен мемлекеттік облигацияларға салып, бастарын тәуекелден ала қашып отыр. Тәуекел төмендеген сайын, банктердің жауапкершілігі де азаяды. Нәтижесінде ірі экономикаларда өсім күрт баяулап, жұмыссыздықпен бетпе-бет келді.
Өзге елдер бұл мәселелерді қалай шешті? Олар тәуекелі аз құралдарда елеулі антистимулды жасауға тырысты: тәуекелі аз мөлшерлемелер нөлге дейін төмендетілді (ЕО-да ол тіпті минусқа кетті). Инвесторларға инфляцияны еш қиындықсыз еңсеретін табыс табуға жағдай жасалған сайын, қазіргі ересек те секемшіл қоғамды ірі тәуекелге итермелеу мүмкін емес. Егер кірістілігі ұзақмерзімді инфляциядан асып түсіп отырса, БЖЗҚ менеджерлерін мемлекеттік бағалы қағаздан басқа дүние сатып алуға қалай мәжбүрлейсің? Инфляциядан қорғанғың келсе – тәуекелге барып, өз еліңнің экономикасына қаражат сал!
Әрине, ұлттық қаржы жүйесіне деген сенім деңгейі өте жоғары және валюталық тәуекелі жоқ дамыған елдердің саясатын дәлме-дәл көшіру мүмкін емес. Дәл қазір теңгедегі салымдар бойынша «жайлы» табыстылық деңгейін жылдық 9-10% деп бағалауға болады деген ойдамын.
Бұл «көзтаныс», үйреншікті болып қалған мөлшерлеме мұнай бағасы жағымды және девальвация тәуекелі төмен болып тұрған кезеңдерде, реттеуші 1 пайыздан артық сыйақы төлеуге тыйым салатын валюталық салымдармен бәсекеде басым болуға жеткілікті.
Менің ойымша, бизнесті несиелендіруді ынталандыру үшін қысқа мемлекеттік бағалы қағаздар мен Ұлттық банктің ноталары осы деңгейден 1-2% төмен табыс әкелуі керек. Ұлттық банк кейбір сегменттерге несие бере бастағанда, коммерциялық банктердің артық қаражаты пайда болып, оны Ұлттық Банкке төменірек пайызбен кері сатады. Бұл олардың өздерін дәл осылай жасамауға ықпал етуі тиіс.
Әлемде бұған қалай қол жеткізді? Әр түрлі QE әдістері іске қосылды. Егер банктер «тәуекелсіз ақшаны» 10%-бен сата алмаса, олар оны 8%-ға сатты, өйткені Ұлттық Банк олармен бәсекеге түсе бастады. Қазіргі қазақстандық нарықта бәрібір бұл ақшаның барар жері жоқ: доллардағы кірістілік одан да нашар, ал инфляция бүкіл жерде жоғары. Мұнай бағасы рекордтық көрсеткішке жетіп, Үкімет қосымша бюджет шығынын Ұлттық қордан бөлінген транстферттермен жауып жатқан кезде, банктер валютамен алыпсатарлық жасай алмайды, жасаған күннің өзінде, бұл өте қауіпті. Шын мәнінде, біздің нарықтағы негізгі валюта алыпсатарлары – экспорттаушы компаниялар мен квазимемлекеттік сектор. Құбылмалылықты азайту үшін олардың «тиімді менеджерлері» дағдарыс кезінде нарықта циклдік жағдай туғызбас үшін, жалпы валюталық позициясын реттеу қажет. ФРЖ / ЕОБ ипотекалық қарыз нарығына енуі өз кезегінде ипотекалық несиеге қол жеткізуде белгілі бір тұрақтылыққа кепілдік және банк салымшылары «үрейленген» жағдайда, ипотекалық несиелерін Орталық банкке қайта сата алатындай өтімділік берді.
Ковид кезінде де орталық банктер одан да батыл қадамға барды: олар пруденциалдық нормативтерді әлсіретті (және корпоративтік несие бойынша тәуекелді өлшеуді азайтты), әртүрлі сападағы несие портфельдері мен корпоративтік бағалы қағаздар кепілімен банктерді несиелендіру бағдарламаларын іске қосты. Тіпті елдің бас банкінің балансына белгілі бір несие рейтингі бар облигациялар мен ірі бизнес вексельдерін сатып ала бастады.
Иә, мұндай әрекеттерден соң орталық банк басшысы жауапкершілікті өз мойнына алуға мәжбүр. Ал үкіметтің оны қолдаудан басқа амалы жоқ. Осылайша, болуы мүмкін несиелік шығындарды өтеу үшін арнайы қорлар құрылды. Алайда, осының арқасында әлемдегі ең ірі экономикалардың өзі жаһандық күйзелістерден айығып, қайта өсуге, қаржы институттары өз функциясын қайта орындауына тура келді. Қаржы жүйесі тұйықталған: егер ақшаны қымбатқа орналастыру мүмкін болмаса, арзан айналымға жібересіз. Тәуекелсіз іс бітпейтін болса, тәуекелге баруға тура келеді.
Реттеушілердің банктерге қоятын ультиматумы әрдайым өте қарапайым: экономиканың маңызды салаларын несиелегіңіз келмесе, сіз үшін біз несие береміз. Бұл амал барлық жерде сәтті жүзеге асып келді. Қытайда осы принциптер бойынша ірі мемлекеттік банктер нарыққа араласты. Нәтижесіз де емес. Өйткені Қытай, ұзақ мерзімді инфляция деңгейіндегі тиімді мөлшерлемемен тұрақты әрі арзан несиелеудің арқасында жиырма жылға жуық уақыт ішінде ЖІӨ-нің 6-10% – ға өсуіне мүмкіндік алды.
Біз өте жігерлі адамдар тұратын жас мемлекетпіз. Бәрімізге керемет тарихи мүмкіндік берілді. Елімізде цифрландырылған, операциялық тиімді банктер бар. Бізде сектордың ондаған жылдар бойғы құлдырауында жинақталған сан алуан капитал салымдарының тапшылығы бар. Несиелік ресурстарға сұраныс өте жоғары. Қазақстанда бизнестің табыстылығы әлемнің көптеген елдеріне қарағанда анағұрлым жоғары. Егер батыл болсақ, біз басқа институционалдық реформаларсыз да экономиканың өсу мақсаттарына оңай қол жеткізе аламыз. Бізде ол үшін барлық мүмкіндік бар: тәжірибелі банкирлер де, білікті менеджерлердің плеиадасы да, халық санының тез өсуі, тіпті біздің нарыққа шетелдік капиталдың рекордтық ағыны да бар. Саланы реформалау – елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа әсері толық талдана отырып және шараларды бірінен соң бір қабылдай отырып, біртіндеп жүргізілуі керек. Бәрі бизнес процесс секілді: ұша білсеңіз, сәтті болса, тәжірибеңіз молаяды. Егер ойдағыдай болмаса, оны тоқтатып қоясыз. Өзің бел шешіп кірісіп көрмеген нәрсені сыртынан сынау оңай, алайда, осы әрекетпен президент айтқан мақсаттарына да қол жеткізу мүмкін болмақ емес.