Мемлекет басшысы Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады
Жарияланды
Президент Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын«, – деп жазылған жеделхатта.