АҚШ қор нарығындағы ралли, АІ-дың болашағы, инвесторлар Қытайға салған қаржысын қайтарып алып жатыр

Жарияланды
Фото/ REUTERS/Brendan McDermid

Соңғы үш тоқсанда алғаш рет АҚШ компанияларының кірісі өсді деген болжам жасалып отыр, ол өз кезегінде қор нарығындағы жарыстың қайта жандануына әкеп соғуы ықтимал. Уолл-стриттегі рецессия туралы аз айтыла бастағанымен, бұл жайт инвесторларды қуантып отырған жоқ. Өйткені экономиканың «қызып» кетуі ақша-несие саясатының қатаңдау циклінің ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін. Осы және басқа тақырыптарды қозғаған әлемдік БАҚ-қа шолуды ұсынамыз.

Табықа қатысты болжам өсіп жатыр, бұл – ралли 2023 жылы да жалғасатынының белгісі

FactSet сарапшылары S&P 500 индексіне кіретін компаниялардың кірісі төртінші тоқсанда 0,5% өседі деп болжайды. Ол өз кезегінде 2023 жылы индекстің 1,2% көтерілуіне ықпал етеді. The Wall Street Journal жазуынша, 3 тоқсан бойы төмендеген индекс алғаш көтерілмек.

Осылайша, биыл S&P 500 индексі 16% пайыз өсті. Алайда бұл алаңдатарлық жағдай, кейігі төрт аптада акция бағасы арзандағанымен де, өз құнынан артық бағаланғандай көрінеді. S&P 500 алдағы 12 айда күтілетін кірістен 18,7 есе көп сауда жасайды, бұл 10 жылдық орташа көрсеткіштен 17,7 есе, ал 2022 жылдың соңындағы көреткіштен 16,8 есе жоғары. 2023 жылы индекс құрамындағы технологиялық компаниялар (+41%), байланыс компаниялары(+43%) және тұтыну тауарлары компанияларының(+32%) акциясы қатты қымбаттады.

Америка ірі бизнесінің арасында экономикаға қатысты алаңдаушылық азайып бара жатқан сияқты. FactSet мәліметтері бойынша, S&P 500 индексіндегі 62 компания 15 маусым мен 31 тамыз аралығындағы кірістер туралы есебінде «рецессияны» бастап кешіп жатқанын жазған.

NASDAQ AI негізіндегі биржалық ордердің бірінші түріне рұқсат алды

Nasdaq АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясынан жасанды интеллектке негізделген биржалық тапсырыстың бірінші түріне мақұлдау алды, деп хабарлайды Reuters. Dynamic MELO ордері мәміле қатысушылары нақты уақыт режимінде өзгертулер енгізу үшін AI пайдаланады. Бұл мәмілелердің орындалу жылдамдығын 20,3% арттырады, сондай-ақ үстеме бағаны 11,4%-ға төмендетеді деп күтілуде.

Алғаш рет 2018 жылы шығарылған MELO – ұзақ мерзімді уақытта инвесторларға 10 миллисекундтық күту кезеңін қолдана отырып, бір-бірімен сауда жасауға мүмкіндік беретін стратегиялық ордер түрі.

AI көшбасшысы саланы реттеуге шақырады

Жасанды интеллект саласындағы жетекші кәсіпкерлердің бірі Мұстафа Сүлейман осы салаға арналған кітап шығарды, деп жазады The New York Times. Сулейман – LinkedIn негізін қалаушы Рид Хоффманмен бірлесіп құрған Inflection AI компаниясының басшысы. Маусым айында компания Microsoft пен Nvidia қатысқан 1,3 миллиард долларлық қаржыландыру кезеңін аяқтады: жалпы қүны шашамамен 4 миллиард долларға бағаланды.

Ол өзінің «Келе жатқан толқын: 21-ші ғасыр технологиясы, күші және дилеммасы» атты кітабында AI саласын мемлкеттік реттеуге қатысты көзқарасты өзгертуге шақырады. Автор реттеудің жоқтығынан адамдар жасанды интеллекттің орасан зор әлеуетін пайдалана алмай және сонымен бірге «экзистенциалды қауіп төндіретін технологияны тұтыну қаупі бар» деп санайды.

Сүлейман үкімет технология министрлерін тағайындауы және ол АҚШ әлемдік стандарттарды орындау үшін озық чиптердегі үстемдігін пайдалануы керек деп санайды. Ол сондай-ақ осы саладағы компанияларының жұмысын ашық ету үшін Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық панель үлгісіндегі салалық басқару режимін құруға шақырды.

ETF трейдерлері Қытайға емес, дамушы нарықтарға инвестиция салып жатыр

Дамушы нарықтағы биржа сауда-саттық қорларының трейдерлері Қытай экономикасындағы проблемаларға байланысты, қаражатын қайта бөледі. Bloomberg мәліметтеріне сәйкес, тек тамыз айында Үндістан және Латын Америкасының акциялары компаниялар шамамен 500 млрд доллар тартқан, осы кезеңде инвесторлар Қытайға бағытталған портфельдерден 3 3,5 млрд алып алған.

Осылайша, тамыз айында трейдерлер дамушы экономикаға бағдарланған ең ірі ETF-тердің бірі iShares Emerging Markets-тен 2 миллиард доллардан астам қаражат шығарып алды. Қор өз капиталының үштен бірін Қытайға орналастыратын.

Қысқа-нұсқа

Қытай Ұлттық статистикалық бюросының мәліметі бойынша, елдегі тұтыну бағасы индексі тамыз айында 0,1%-ға өсті. 2023 жылдың сегіз айында Қытайдағы тұтыну бағасы индексі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға өсті.

Alibaba Group Holding Ltd. тұтынушылық акцияларға қатысты пессимистік көңіл-күйге байланысты Гонконгтағы Freshippo азық-түлік дүкендері желісінің IPO-сын кейінге қалдырады, деп жазады Bloomberg.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди G20 елдерін жаһандық криптовалюта нарығын реттеу стандартын әзірлеуге шақырды. Ол үлгі ретінде Базель стандарттарын келтірді.

2 қыркүйекте Apple iPhone, Apple Watch және AirPods жаңа желісін ұсынады деп күтілуде.

АҚШ Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қарсы Таяу Шығыстағы көлік жобасын ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз