Еліміздің 10 моноқаласын дамытуға 1,7 трлн теңге жұмсалады

Жарияланды
Фото: kursiv.media

2027 жылға дейін Қазақстанда 10 моноқаланы дамытуға 1,7 трлн теңге жұмсалмақ. Атап айтқанда Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск, Степногорск, Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын дамытуға қаражат бөлінеді. Бұл жайлы Үкімет үйінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары бектілді. Бұған дейін Министрлер кабинеті Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск қалалары бойынша кешенді жоспарлар қабылдаған.
Осылайша, Қазақстанның 10 моноқаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша нақты мақсаттар белгіленген», делінген баспасөз хабарламасы
нда.

Бұл қалалар 10 кешенді жоспар аясында 608 тармақтан тұратын іс-шаралар негізінде жүзеге аспақ. Осыған байланысты денсаулық сақтау, білім беру, спорт, инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен нысандарын салу және жөндеу, заманауи жабдықтарды сатып алу қарастырылған. Мысалы, Жаңатас қаласында республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ басқа да көздер есебінен 75 іс-шараны іске асыруға 3 млрд теңгеден астам қаражат жоспарланса, Қаратауда шамамен 50 млрд теңге бюджеттен тыс ақшаға түрлі жобалар жүзеге асырылмақшы.

«Арқалық қаласында Маятас кластерінің кен орындарына геологиялық зерттеу жүргізілгеннен кейін тау-кен байыту комбинатын салу жоспарланып отыр. Құны 315 млрд теңге болатын жоба 1,2 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ал Балқаш қаласында Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 8,5%-ға, өңдеуші өнеркәсібінің үлесі 90%-дан кем емес өсіп, негізгі капиталға салынған инвестиция 57 млрд теңге болады деп күтілуде», делінген баспасөз хабарламасында.

Балқаш қаласында Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 8,5%-ға, өңдеуші өнеркәсібінің үлесі 90%-дан кем емес өсіп, негізгі капиталға салынған инвестиция 57 млрд теңге болады деп күтілуде. Шағын және орта бизнес нысандарының саны, олардың өнімдерінің көлемі және жұмыс орындары біраз көбеймек. Ал әуежай реконструкцияланғаннан кейін туристер ағыны мен іскерлік белсенділік 4 есе артады деп болжанып отыр. 2027 жылға дейін атмосфераға таралатын зиянды шығарындылар 78,5 мың тоннадан 50,2 мың тоннаға дейін азаяды деп күтілуде.

Мемлекет басшысы моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарау, олардың одан әрі дамуына және ең бастысы, онда тұратын азаматтарға қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев 27 моноқаланың әрқайсысының тұрақты экономикалық өсімнен бастап тоқырауға дейін даму перспективалары әртүрлі екенін атап өткен.

 Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларды дамытуда кешенді тәсілді қолдану мақсатында, сондай-ақ жаңа шараларды жүйелеу және іске асыру үшін тиісті Жол картасын әзірлеп жатыр. Жол картасында Моноқалаларды мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай тізбесін, Әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу, индустриялық аймақтар мен озық даму аумақтарын құру және т.б. мәселелер көзделген.

Қазақстанда 89 қала бар, оның 27-сі – 1,4 млн халқы бар моноқалалар. Олар өнеркәсіп өнімдерінің шамамен 40%-ын өндіреді.

Сондай-ақ оқыңыз