Инвесторлар үрке бастады ма? Италия компаниясы қазақстандық ErSai Caspian Contractor үлесінен бас тартты

Жарияланды
Фото: saipem.com

Мұнай өндіру саласында теңіз бен құрлықтағы құрылыс пен монтаждау, құбыр жүргізу, тасымалдау секілді көптеген қызметтерді жүзеге асыратын ErSai Caspian Contractor компаниясының құрылтайшылары өзгерді.

Компания сайтында жазылғандай, бұл заңды тұлға 2003 жылдың қараша айында ERS Holdıngz және Saipem Group компанияларының 50/50 үлесімен бірлескен кәсіпорын құру арқылы пайда болған.

Алайда, «Saipem Group» компаниясы 2023 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қаржылық есебінде көрсеткендей, ER SAI Caspian Contractor Llc-дағы үлесін үшінші тарапқа сатқан.

Қазір, азаматтарға арналған үкімет порталындағы ақпаратқа сәйкес, ErSai Caspian Contractor жалғыз құрылтайшысы – ERS Holdıngz (Energy Resource Caspian Holdings) деп көрсетілген. Осы себеппен болуы тиіс компания биыл 12 шілдеде қайта тіркеуден өтіпті, оның себептері ретінде – қатысушылар құрамының өзгеруі; Атауының өзгеруі; Басшының өзгеруі; Орналасқан жерінің өзгеруі (тіркеу орны өзгерместен); Жарғыны немесе ереженің жаңа редакциясы көрсетіліпті.

Energy monitor қоғамдық қоры сарапшыларының жазуынша италиялық инвестордың жобадан кетуінің өз спебебі бар. Серіктестер Каспий теңізіне арналған платформаларды құруда ресейлік «Лукойл» компаниясымен істес болуға мүдделі емес.

Орайы келгенде айта кетейік, Saipem компаниясы 2018 жылдың соңына қарай Каспийдегі Абшерон кен орнын игеруге тартылып, теңіз инфрақұрылымын жандандыруда қатысты.

  Жоспар бойынша италиялық компания теңіз қайраңындағы өндірістік инфрақұрылымды жобалаумен, өндірумен және құрылымды орнатумен сатып алу қызметімен айналысуға міндеттелген. Сондай-ақ ұзындығы 34 шақырым болатын 12 дюймдік өндірістік желіні іске қосу және жөндеу жұмыстарына көмектесуге тиіс еді.

Жалпы, Saipem –  мұнай сервисі саласындағы итальяндық компания және әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Штаб-пәтері Италияның Милан қаласы маңында, Сан-Донато-Миланесте, орналасқан. Saipem кеңселері 60-тан астам елде бар, соның ішінде ТМД бойынша Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей, Грузияда орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыз