Қарашығанақта жөндеу жұмыстарына байланысты өндіріс көлемі төмендеді

Жарияланды
Фото: kmg.kz

Қарашығанақта жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 11 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында Қарашығанақ кен орнында 3- газды кешенді дайындау қондырғысы (ГКДҚ) жоспарлы, алдын-ала жөндеу жұмыстары үшін толық тоқтайды.

«3- газды кешенді дайындау қондырғысының толық тоқтауы Орынбор газ өңдеу зауытының 3-ші кезекті жөндеуге тоқтатылуымен және газды қабылдамауымен бір уақытқа тұспа-тұс келді», делінген хабарламада

Министрлік мәліметіне сәйкес, 11 қыркүйек күні мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 3,3 мың тоннаны құрады, 10 қыркүйекпен салыстырғанда өндіріс 27 мың тоннаға азайған.

Еске саламыз жыл соңына дейін Қарашығанақ кен орнынан Германияға жөнелтілетін мұнай көлемін кемінде 890 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

 Қазақстандағы ірі мұнай-газ конденсат кен орны Қарашығанақ бойынша өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (ӨБТК) Қазақстан Республикасы мен Халықаралық консорциум арасында 1997 жылы 18 қарашада жасалды.

Royal Dutch Shell мен Eni компаниялары – Қарашығанақ жобасының бірлескен операторлары. Оны іске асыру «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.»(КПО) арқылы жүзеге асырылады

КПО-дағы акционерлердің иелік ету үлесі: ҚМГ (10%), Eni (29,25%), Shell (29,25%), Chevron (18,00%), ЛУКОЙЛ (13,5%).

Сондай-ақ оқыңыз