Электр қуатының шекті тарифі 2025 жылға қарай 2 есеге жуық өседі

Жарияланды
Фото: kursiv.media

2024 жылдан бастап электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметке шекті тарифтер өзгереді. Энергетика министрінің тиісті құжаты «Ашық НҚА» порталында талқыланып жатыр.

Құжатқа сәйкес 2024 жылдан бастап электр қуатының шекті тарифі 1065 теңгеге, 2025 жылдан бастап 1215 теңгеге көтеріледі. Ал бұрынғы бұйрық бойынша шекті тариф көлемі 2024-2025 жылдарға 590 теңге көлемінде бекітілген еді.

Бұйрқтың түсіндірме жазбасында атап өтілгендей, тарифтің көтерілуіне бірінші кезекте елдегі инфляциялық жағдай әсер еткен. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық деректері бойынша инфляция 2016 жылы – 8,5%, 2017 жылы – 7,1%, 2018 жылы – 5,3%, 2019 жылы – 5%, 2020 жылы – 7,5%, 2021 жылы – 8,5%, 2022 жылы – 20,4% құраған. Ал 2023 жылы болжамды инфляция деңгейі – 14% болады деп күтілуде.

«2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1065 мың теңге/МВт құрауы тиіс, бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр станцияларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді», делінген құжатта.

Сондай-ақ оқыңыз