Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арман» бар: Алматыда қаңтар оқиғасынан кейін қамалған 41 адамға сот басталады
Коллаж: kursiv.media
Алматыда көпшілікке «Дикий Арман» ретінде белгілі Арман Жұмагелдиев пен Алматы қаласы мәслихаттың бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге қандай айып тағылғаны белгілі болды.
Қылмыстық іс бойынша айыпталушылар қатарында 41 адам бар. Олардың арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев, Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің экс-бастығы Руслан Искаков, 2013 жылы «Қорғас ісі» бойынша куәгер болған Талғат Махатов бар.
Олар 2022 жылдың қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін қамауға алынды. Содан кейін Бас прокуратура Арман Жұмагелдиевтің Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі куратордың нұсқауымен жұмыс істегенін анықтады. Бас прокурор Берік Асылов «Дикий Арман» ретінде белгілі Жұмагелдиев тәртіпсіздік ұйымдастырып, көпшілікті бақылауға алуы қажет болған. Сондай-ақ билікке талап қою үшін «халық кеңесін» құру туралы тапсырма алғанын мәлімдеді.
Айтуынша, Жұмагелдиевке Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты, Махатов криминалдық тобының белсенді мүшесі Қайрат Құдайберген белсенді көмектескен. Ол Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген бандиттерді қаруландырған.
«Алайда олар жаппай наразылықты басқара алмады. Адамдар олардың артынан ермеді. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы ұсталғанын естіген соң, қылмысқа қатысы жоқ екеніне сендіру мақсатында содырларға тонаумен күресу үшін қала тұрғындарына шабуыл жасау тапсырылды. Осы мақсатта 6 қаңтарда олар «Ritz Carlton» және «Қазақстан» қонақ үйлерінің паркингтерінде 24 азаматты ұрлап, ұрып-соғып, ұстады», – деді Асылов.
АЙЫТАЛУШЫЛАРҒА ТАҒЫЛҒАН АЙЫП
Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Алдын ала сот тыңдауы 14 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған.
Осылайша, «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевке Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1-бөлігі (Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету), 268-бабы 1-бөлігі ( тұрақты қарулы топты құру арқылы және осындай топқа басшылық ету арқылы жасалған бандитизм), 272-бабы 1-бөлігі (күш қолдану, қиртау, өртеу, мүлікті жою, атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы билік өкліне қарсылық көрсетуге ұласқан, оның ішінде шетел қаражатын пайдаланып жасалған жаппай тәртіпсіздік), 272-бабы 2-бөлігі (күш қолдану, қиртау, өртеу, мүлікті жою, атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы билік өкліне қарсылық көрсетуге ұласқан, оның ішінде шетел қаражатын пайдаланып жасалған жаппай тәртіпсіздікке қатысу), 28-бабы 3-бөлігі – 125 бабы 3-бөлігі 1 және 3 тармағы (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан адамды ұрлауды ұйымдастыру), 126-бабы 3-бөлігі 1-тармағы )қылмыстық топтың бас бостандығынан заңсыз айыруын ұйымдастыру), 28-бабы 3-бөлігі – 194 бабы-4-бөлігі 1 және 2 тармағы (қылмыстық топтың қорқытып алуын ұйымдастыру), 28-бабы 3-бөлігі – 287-бабы 5-бөлігі (қылмыстық топтың қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүруін ұйымдастыру), 28-бабы 3-бөлігі – 291 бабы-4-бөлігі 1 және 2-тармағы (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алуды ұйымдастыру), 28-бабы 3-бөлігі – 200-бабы 3-бөлігі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы автокөділікті жымқыруды ұйымдастыру), 28 бабы 3-бөлігі – 191-бабы 4-бөлігі 1 және 2 тармағы (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы тонауды ұйымдастыру) бойынша айып тағылған.
Ал экс-депутат Қайрат Құдайберген қылмыстық кодекстің 272-бабы 1 және 2 бөлігі (күш қолдану, қиртау, өртеу, мүлікті жою, атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы билік өкліне қарсылық көрсетуге ұласқан, оның ішінде шетел қаражатын пайдаланып жасалған жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу), 126-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы адамды бас бостандығынан заңсыз айыру), 380-бабы 1-бөлігі (Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерді орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру, мүлкін бүлдіру немесе жою арқылы қорқыту) айып тағылып отыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаментінің экс-бастығы Руслан Ысқақов Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында билікті немесе лауазымын асыра пайдалану), 262-бабы 3-бөлігі (өзінің қызмет бабын пайдаланып, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, соларға қатысу), 268-бабы 3-бөлігі (өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған бандитизм), 272-бабы 1-бөлігі (күш қолдану, қиртау, өртеу, мүлікті жою, атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы билік өкліне қарсылық көрсетуге ұласқан, оның ішінде шетел қаражатын пайдаланып жасалған жаппай тәртіпсіздік), 28 бабы 3-бөлігі – 125-бабы 3-бөлігі 1 және 3 тармағы (адамды ұрлауды ұйымдастыру), 28 бабы – 3-бөлігі – 126-бабы 3-бөлігі 1-тармағы (бас бостандығынан заңсыз айыруды ұйымдастыру) бойынша айып тағылған.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Руслан Ысқақовтың хаты тарады. Ол жерде Ысқақов өзінің қаңтар оқиғасына байланысты тағылған айыпты үзілді-кесілді мойындамайтынын жазған. Сондай-ақ ол Бас прокуратураның тергеу тобы істі бұрмалап, шындық ретінде қоғамға таныстыратын нұсқаға лайықтап жатқанын айтқан.
«Тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар жауапкершіліктен құтылып отыр. Тергеу барысында жалған ақпаратқа басымдық берді. Нәтижесінде қылмыстық істе барлығы ойдан шығарылған, ал «дәлел» деп ұсынылғаны қолдан ұйымдастырылған. Сот тергеуі ашық әрі объективті өтсе, ұсынылған барлық «дәлелдің» жалған екеуін көрсетуге болады», – деп жазылған хатта.
Сондай-ақ айыпталушылар арасында 2013 жылы «Қорғас ісі» бойынша куәгер болған Талғат Махатов та бар. Ол қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігі (күш қолдану, қиртау, өртеу, мүлікті жою, атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану арқылы билік өкліне қарсылық көрсетуге ұласқан, оның ішінде шетел қаражатын пайдаланып жасалған жаппай тәртіпсіздікке қатысу), 262-бабы 2-бөлігі (ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу), 268-бабы 2-бөлігі (тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасап жүрген шабуылдарға қатысу), 126-бабы 3-бөлігі 1 және 3 тармағы (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы адамды бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша айыпталған.
Айта кетейік«Қорғас ісі» – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы коррупцияға қарсы ең ірі іс. Айыпталушыларға қатысты қылмыстық іс 2013 жылы сәуірде сотқа түскен. Үкім бір жылдан кейін оқылды. Нәтижесінде 45 адам сотталды.