Пайдаланушылардың орналасу тарихын жасырын бақылаған: Google 93 миллион доллар төлейді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Google пайдаланушылардың орналасу тарихын жасырын бақылағаны үшін 93 миллион доллар төлейді.

«Google компаниясы Калифорнияның бас прокурорының сотқа шағымы бойынша бітімгершілік келісімге келді. Прокуратура оны пайдаланушылардың келісімінсіз және оларға білдірместен орналасқан жерін қадағалады деп айыптады», деп жазды The Guardian басылымы.

Басылымның хабарлауынша, корпорация 93 миллион доллар төлеуге келіскен.

Google-ға қарсы шағымды Калифорнияның бас прокуроры Роб Бонта түсірген. Компания пайдаланушылардың Google есептік жазбасының параметрлерінде «Орналасу тарихы» функциясын өшіргеннен кейін олардың қозғалысын бақылау тоқтататынын мәлімдеген. алайда прокурордың айтуынша, Google бұл мүмкіндікті өшіргеннен кейін де пайдаланушыларды бақылауды жалғастыра береді екен. Бонтаның айтуынша, мұндай тәжірибеге жол беруге болмайды.

Сондай-ақ «Орналасу тарихы» мүмкіндігін өшірілгеннен кейін Google пайдаланушыларды басқа жолдармен, атап айтқанда олардың желідегі және қолданбадағы белсенділігі арқылы бақылауды жалғастырған.

Google бұл айыптаулармен толық келіспесе де, ішінара прокуратурмен келісімге келген. Атап айтқанда компания пайдаланушылардың орналасқан жерін бақылау әдістері туралы қосымша ақпарат беруге уәде берген.

Guardian басылымының хабарлауынша 2022 жылы Америка Құрама Штаттарында Google-ға қарсы осындай сот ісі де қозғалған. Содан кейін бітімгершілік келісімі аясында компания 40 штатқа шамамен 392 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеген.

Сондай-ақ оқыңыз